KZ Блог

Мамандандырылған бөлшек сауда дүкендеріне арналған Birsan: тұрмыстық, кеңсе және құрылыс тауарлары, киім, аяқ киім және басқалары.

Birsan-мен жұмыс жасай бастаған клиенттеріміздің бизнестерінде бірден көретін пайдалары:

  • Сауда алаңы мен қоймаларды пайдалануды оңтайландыру арқылы шығындарды 15-20%-ға азайтады. Габариті көлемді тауарлар үшін ассортименттің өзектілігін бақылау өте қиын: тез сатылатын тауарларды ғана сатып алу (сөрелерден тез кететін) кеңістікті тиімді пайдалануға және баяу сатылатын тауарды сақтау үшін артық төлем жасамауға көмектеседі.
  • Сауданы 35%-ға арттырады және кассирлерге бонус беру түрінде қызметкерлерді қосымша ынталандырудың арқасында клиенттердің адалдығын арттырады. Әрбір кассирдің сатылым саны бойынша есептерді пайдалану ынталандыру жүйесін енгізуге көмектеседі, бұл сату динамикасына оң әсерін тигізеді және сапалы қызмет көрсету есебінен клиенттердің қайтып келуін арттыруға ықпал етеді.
  • Таңдалған стратегияның тиімділігіне байланысты болатын икемді баға белгілеу жүйесінің арқасында пайданы 15-35%-ға арттырады. Дербестендірілген жеңілдіктерді, танымал тауарларға немесе маусымдық сатылым шыңына байланысты бағалардың динамикалық өзгеруін, сондай-ақ қысқа мерзімді ұсыныстар сияқты баға белгілеудің әртүрлі тәсілдері сатып алушыларды тартуға және олардың адалдығын нығайтуға көмектеседі, бұл бизнестің табыстылығын арттырады.
  • Дүкенге тексеріс жүргізу кезінде айналымнан 2-3% (орта есеппен 500 000 теңге) үнемдейді. Birsan арқылы дүкенді жаппай тексеру мүмкіндігі күнделікті сауданы сақтауға көмектеседі және тексеріс жұмыс кезінде жүреді, қызметкерлер жұмыстан кейін қалмайтындықтан, оларға қосымша үстеме ақы төлемейсіз.

Жүйенің мамандандырылған бөлшек сауда дүкендеріне әзірлеген арнайы функциялары:

  • Сипаттамалар - номенклатураны ыңғайлы санаттау үшін өзіңіздің жеке параметрлер анықтамалығын жасаңыз: түсі, өлшемі, өндірушісі және басқа да параметрлер.
  • Баға түрлері - тауарлар үшін бағаны әртүрлі етіп қойыңыз, ерікті жеңілдіктерді қолданыңыз (пайыздық немесе белгіленген мәнде) және қажет болған жағдайда санат ішінде тауарларды лезде қайта бағалаңыз.
  • Сатып алушылар - сатып алушылардың анықтамалығын жүргізіңіз, жеке ұсыныстар мен жеңілдіктерді қалыптастыру үшін олардың жасаған саудасын қадағалаңыз.
  • Кассирлар бойынша есеп - қызметкерлер жұмысының тиімділігін бағалаңыз және қосымша ынталандыру және бонустық бағдарламаларды енгізіңіз.
Birsan-ды пайдалану мамандандырылған бөлшек сауда дүкендеріндегі бизнес-процестерді айтарлықтай оңтайландыруға және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Шығындарды азайту, сату көрсеткішін ұлғайту және баға саясатын икемді басқару динамикалық бөлшек секторында бәсекелестік артықшылықтар береді. Birsan сияқты шешімді пайдалану операциялық шығындарды бақылауға ғана емес, сонымен қатар клиенттердің қанағаттануы мен қызметкерлердің ынтасына белсенді әсер етуге де көмектеседі. Бұл факторлар бизнестің тұрақты өсуі мен ұзақ мерзімді табыс үшін сенімді іргетас қалайды.