Қазіргі заманда бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану саласы немесе өндіріс болсын, автоматтандырудың маңыздылығына назар аудармау мүмкін емес. Назарларыңызға ұсынылатын мақалаларымыздың топтамасында сіздердің бизнестеріңізге ақпараттық жүйені енгізуден көретін пайдаңыз жөнінде тың ақпараттар таба аласыз деген ойдамыз.
- Азық-түлік дүкендеріне арналған Birsan
- Мамандандырылған бөлшек сауда дүкендеріне арналған Birsan: тұрмыстық техника, кеңсе тауарлары, құрылыс тауарлары, киім, аяқ киім және басқалары.
- Тез тамақтану орындарына арналған Birsan: кофе сататын сауда нүктелері, шаурма дүңгіршектері және басқа да жеке өндіріс түрлері.
- Өндіріске арналған Birsan: кондитерлік және наубайхана цехтары, жартылай фабрикат өндіруші цехтар, тігін өндірісі және басқалары
Егер сіз дүкеніңізді автоматтандыруға әлі көшірмесеңіз немесе бизнес ашуды жаңадан жоспарлап жүрген болсаңыз және бұл күрделі, үлкен жұмыс болып көрінсе, біз бұл процесті бірқалыпты жүргізуге және уақыт пен ақшалай шығындарды азайтуға көмектесетін ұсыныс бергіміз келеді.

- Касса аймағы мен сауданы автоматтандырудан бастаңыз
- Бизнесті автоматтандыру барысында жасалатын ең алғашқы тиімді қадам - автоматтандыруды күнделікті қайталанатын процестерден бастау. Бұл сіздің ресурсыңызды үнемдеп, қызмет көрсету сапасын жақсарта түседі.
- Бизнесте клиенттер саны көп болған кезде кассаның жылдам жұмыс жасауы және кезектің болмауы бәсекелестеріңізге қарағанда айтарлықтай артықшылық береді.
- Есепке алу жүйесі прайс парағын (штрих-коды, атауы және бағасы бар тауарлар тізімін) импорттай алатындықтан, сауданы жүйені іске қосқан соң бірден бастап кетуге болады. Мұндай тізім болмаса да, сіз кассада тауарларды қосу функциясын пайдалана аласыз, бұл 160 000-нан астам тауар атауы бар базаның арқасында айтарлықтай жылдам жүреді.
- Автоманттандырудағы алғашқы қадам кірісті бақылауға, сауда статистикасын қадағалауға, кассирлердің жұмысын және төлем әдістерін талдауға мүмкіндік береді. Осының бәрі автоматтандырылған және қолмен ұзақ анализ жүргізу қажеттігі болмайды.
2. Тауар қалдықтарын бақылап отыру үшін жеткізушілердің деректерін енгізу (қабылдау)
- Тауарларды қабылдау - бұл бөлшек сауда дүкендері үшін маңыздылығы жөнінен екінші орын тұратын операция. Штрих-код сканері және атаулар базасы бар мобильді қосымша немесе ноутбук арқылы деректерді енгізу уақытыңызды үнемдейді.
- Жүйедегі бағаларды жаңарту жылдам және оңай жүргізіледі: саны көп тауардың бағасын бірден өзгерту үшін бірнеше рет басу жеткілікті. Енгізілген барлық өзгерістер Баға белгілеу актісі құжатының тарихында сақталып тұрады.

3. Дүкенді жаппай-ақ тауарларға тексеріс жүргізу мүмкіндігі
- Ревизия жүргізу немесе түгендеу - бұл деректерді есепке алу жүйесімен салыстыру арқылы кәсіпорынның нақты қалдықтары мен қаржылық міндеттемелерін тексеру тәсілі. Бұл мүліктің сақталуын бақылаудың негізгі әдісі.
- Тұрақты тексерулер ауытқуларды анықтауға және оларды түзетуге мүмкіндік береді. Оған бастапқы деректерді енгізу кезінде бүліну, жоғалту, ұрлау немесе қателіктер себеп болуы мүмкін.

4. Басқа шығындарды есепке алу және пайда мен шығындар туралы есепті жасау
- Жүйеде шығындардың кез келген түрін - жалдау, жалақы және басқаларын нақты қажеттіліктерге сәйкес келтіру мүмкіндігімен тіркеуге болады.
- Әртүрлі есептердің, соның ішінде кірістер мен шығындар туралы есептің автоматты түрде дайындалуы маңызды қаржылық көрсеткіштерді бақылауға және бизнесіңіздің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл басты көрсеткіш - пайданы анықтауға көмектеседі және кірістің өсуіне ықпал етеді.
Есеп процестерін автоматтандыру - жай ғана тренд емес, заманауи бизнес үшін қажеттілік. Оны касса аймағын автоматтандыру және қабылдау деректерін енгізу сияқты негізгі қадамдардан бастау арқылы кәсіпорын жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттыра аласыз. Процестерді біртіндеп енгізу, соның ішінде тұрақты тексерулер мен шығындарды есепке алу бизнестің жағдайын жақсырақ бақылауға, қаржылық қателіктерді болдырмауға және пайданы арттыруға көмектеседі.
Birsan жүйесін пайдалану арқылы сіз стратегиялық шешімдер қабылдауды жеңілдететін ыңғайлы басқару және талдау құралын аласыз. Есіңізде болсын: бизнестегі табыс үдерістердің жүйелі және мазмұнды түрде жақсаруына негізделеді.