Birsan-мен жұмыс жасай бастаған клиенттеріміздің бизнестерінде бірден көрінетін пайдалары:
- Барлық қойма операцияларын және кассирлердің жұмысын қатаң қадағалаудың нәтижесінде қолмен есептеумен салыстырғанда шығындарды 5-10% -ға қысқарады (ұрлықты болдырмайды).
- Тексеріс жүргізу кезінде айналымнан 2-3% (орта есеппен 500 000 теңге) үнемдейді. Birsan арқылы дүкенді тексеріске жаппай тексеру мүмкіндігі күнделікті сауданы сақтауға көмектеседі әрі тексеріс жұмыс кезінде жүретіндіктен, яғни қызметкерлер жұмыстан кейін қалмайтындықтан, оларға қосымша үстеме ақы төлемейсіз.
- Кассалық айырмашылықтың шығу ықтималдығын азайтады: көп жағдайда жеткізушілермен есеп айырысуға немесе жалдау ақысын төлеуге ақша қалмағанда, несие алуға тура келеді. Birsan-да кірістер мен шығыстарды (жеткізушілер, жалдау, жалақы және т.б.) есепке алу функциясы қол жетімді, бұл кассадан қанша қаражатты қауіпсіз түрде алуға болатынын анықтауға көмектеседі.
- Жүйе жұмысының тұрақтылығының арқасында өзекті тауар түрлерін бақылау және клиенттерге жылдам қызмет көрсету есебінен дүкеннің айналымы орташа алғанда 30% -ға ұлғаяды.

Азық-түлік дүкеніне арналған жүйенің арнайы функциялары:
- 160 000 тауар атауынан тұратын жалпы база номенклатураға жаңа позицияларды қосуды жеделдетеді. Штрих-кодты сканермен немесе мобильді қосымша камерасымен сканерлеу жеткілікті және жүйе автоматты түрде тауардың атауын енгізеді (мысалы, «Родина сүті 3,2%, 1л»).
- Кассадағы жылдам тауарлар: нан сияқты штрих-кодсыз жиі сатылатын тауарларды қолмен екі рет басу арқылы енгізу үшін «Жылдам» тізіміне қосуға болады.
- Әмбебап тауарлар: қоймаға әкелуге үлгермеген немесе енгізбеуге шешім қабылданып, еркін бағамен сатылатын тауарларды қолдау.
- Қарызға сату: енді дәптердегі қолайсыз жазбаларды ұмытыңыз. Birsan-да телефон нөмірі бойынша борышкерлердің тізімін жасау және қарыз операцияларын есепке алу құралы қолжетімді.
- Талдау: қорды уақытында толтыру және дүкенге келушілерді көбейту үшін ең көп сатылатын тауарлар мен олардың сөреде қалған санына қарап отыра аласыз. Яғни уақытылы шешім қабылдау үшін кіріс пен сату санын бақылау мүмкіндігі бар.
- Басқа есеп жүйесінен жылдам көшу: Жеңілдетілген импорт механизмдері Birsan-ға көшуді жылдамдатуға және қиындықтарды азайтуға көмектеседі.

Birsan жүйесімен жұмыс істеу азық-түлік дүкендері үшін айтарлықтай нәтиже береді, яғни басқаруды оңтайландыруға, шығындарды азайтуға және бизнестің қаржы бойынша тұрақтылығын жақсартуға көмектеседі. Қойма операцияларын қатаң есепке алу, ойластырылған талдау және икемді функционалдық мүмкіндіктердің арқасында дүкен иелері ұсақ операциялық мәселелерге алаңдамай-ақ өздерінің стратегиялық дамуына назар аудара алады. Бұл шешім айналымды едәуір ұлғайту және нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндіктер ашады. Егер сіз бизнесіңіздің тұрақты және болашағыңызға сенімді болуға ұмтылсаңыз, Birsan-ға көшу бизнесті табысты жүргізуге арналған сәтті қадамыңыз болады.