KZ Блог

Өндіріске арналған Birsan: кондитерлік цех және наубайханалар, жартылай фабрикат цехтары, тігін өндірісі және т.б

Тауар өндіру саласы дайын өнімді сатудан айырмашылығы қоймалық есепке алудың өзіндік ерекшелігінде болады. Қоймадағы қалдықтарды дәл есепке алуды қамтамасыз ету үшін өндірілетін өнімнің техникалық карталарын (рецепттерін) пайдалану қажет.

Технологиялық карта (техкарта) —өндірістік процестерді сипаттауға және оңтайландыруға, әрекеттер тізбегін, қатысушыларды және пайдаланылатын ресурстарды анықтауға мүмкіндік беретін құрал.

Құжат мынадай сұрақтарға жауап береді:
  • қандай әрекеттерді орындау керек?
  • оларды қандай реттілікпен орындау керек?
  • оларды қандай жиілікпен жасау керек?
  • әрбір әрекетті орындау қанша уақытты алады?
  • қандай құралдар мен жабдықтар қажет?
  • нәтижесінде не шығады.
Технологиялық карта жаңа қызметкерлерді оқыту үшін, сондай-ақ процестерді стандарттау және өнімділікті арттыру кезінде маңызды. Ол әртүрлі жағдайларда және әртүрлі орындаушылармен өнім немесе қызметтің бірдей сапасымен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Техкартадағы қойма есебінің негізгі деректеріне мыналар жатады:

  • Құрамдас бөліктерінің тізімі,
  • Әрбір құрамдас бөліктің нақты саны,
  • Ингредиенттердің өзіндік құны,
  • Жұмыстар мен қосымша шығындардың тізімі мен құны.

Birsan-да кондитерлік өнімдердің (торттар, кондитерлік өнімдер және т.б.), жартылай фабрикаттардың, тігін цехтарының бұйымдары мен жиһаз бұйымдары және т.б., яғни өзіңіз өндіретін өнімнің технологиялық картасын жасауға болады.
Қоймадағы қалдықтарды есептен шығару өнім партиясын шығару кезінде жүргізіледі: ол үшін Дайындау актісі құжаты пайдаланылады.

Қойма есебінде өндірісті автоматтандырудың артықшылықтарына мыналар жатады:
  • Қате мен жетіспеушіліктерді 80-90%-ға азайту - автоматтандыру адам факторын барынша азайтатындықтан, есепке алу кезіндегі кететін қателер санын айтарлықтай қысқартады.
  • Қорды 20-30% -ға оңтайландырады - қалдықтарды дәл қадағалап отырудың арқасында сіз оның артық не жетпей қалуынан аулақ боласыз, бұл қорды сақтау кезінде үнемдеуге көмектеседі және айналымды арттырады.
  • Сақтау шығындары 15-25%-ға төмендейді - қойма кеңістігін ұтымды пайдалану және қордың оңтайлы деңгейін ұстап тұру қоймаға кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
  • Сатып алуды жоспарлау 20-40%-ға жақсарады - шығыстар мен қалдықтар туралы нақты деректерді қарай отырып, қажетсіз сатып алулар мен кемшіліктерді болдырмауға болады.
  • Ашықтықты 100% арттыру және бақылау - автоматтандыру тауарлар қозғалысының толық көрінуін қамтамасыз етеді, өз кезегінде бақылау жасау, аудит жүргізу және талдау жеңілдейді.
  • Түгендеу уақытының 70%-ға дейін қысқаруы — автоматтандырылған есепке алу жүйелері еңбек ресурстарының шығындарын азайтып, түгендеуді жылдам жүргізуге мүмкіндік береді.
Өндiрiстi автоматтандыру, Birsan жүйесiндегi техкарталар сияқты заманауи құралдарды пайдалану өндiрiспен байланысты кез келген бизнестiң тиiмдiлiгiн арттыруда шешушi рөл атқарады. Бизнес процестерді оңтайландыру қате мен шығын санын азайтып қана қоймай, сондай-ақ есепке алу дәлдігі мен қорды жақсы басқарудың арқасында тұрақты өсімге қол жеткізуге мүмкіндік береді
Мұндай шешімдерді пайдалану бизнестің өзгерістерге бейімделуіне, өнімнің тұрақты сапасымен қамтамасыз етуге және ресурстарды тиімді пайдалануға көмектеседі. Бұл сіздің бәсекелестік артықшылығыңызға айналатын, өндірісті басқару мен ашықтықтың жаңа деңгейіне шығаратын стратегиялық қадам болмақ.